Аурухана туралы

«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» Мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы облысының паллиативтік көмек ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-209/2020 бұйрығымен бекітілген «Паллиативтік көмекті ұйымдастыру стандартына» сәйкес паллиативтік көмек көрсетеді.

2023 жылдың қыркүйек айында шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы облысының паллиативтік көмек ауруханасы»  мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Балқаш ауданының Бақбақты ауылынан Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылына көшу үдерісін сәтті аяқтады.

Медициналық кешеннің жалпы аумағы 0,8742 гектарды құрайды және 514 шаршы метр болатын екі қабатты ғимараттан тұрады.

Мекеме 70 төсек-орынға есептелген, бұл жайлы атмосфера қалыптастыруға және медициналық көмекті тиімді ұйымдастыруға жеткілікті кеңістік береді.

Қазіргі ғимарат паллиативтік көмектің сапасын арттыруға, пациенттердің жағдайын жақсартуға және медицина қызметкерлерінің тиімді жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Skip to content