Науқастарды қолдау қызметі
ШЖҚ «Алматы облысының паллиативтік көмек ауруханасы» КМК науқастарды қолдау және ішкі аудит қызметі жұмыс істейді. Оның негізгі мақсаты — медициналық көмектің ашықтығын, сапасын және қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Егер Сіз:
- көрсетілген медициналық қызметтердің сапасына қанағаттанбасаңыз;
- медицина қызметкерлерінің дөрекі немесе дұрыс емес қарым-қатынасын байқасаңыз;
- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында көрсетілетін қызметтер үшін ақша талап ету фактілеріне куә болсаңыз;
- немесе медициналық көмектің тәртібі мен сапасына қатысты басқа да сұрақтар мен ескертулеріңіз болса —
Сізден науқастарды қолдау қызметіне +7 747 438 4328 сенім телефоны арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: немесе WhatsApp арқылы жазыңыз.
Қызмет Сіздің өтінішіңізді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде қарап, нәтижесі бойынша ресми жауап береді.
Сіздің өтініштеріңізге, пікірлеріңізге және ұсыныстарыңызға шын жүректен алғыс білдіреміз — олар медициналық көмектің сапасын арттыруға және аурухана жұмысын одан әрі ашық, адамға жақын әрі тиімді етуге көмектеседі.
Назар аударыңыз!
Хабарлаймыз, «Науқастарды қолдау қызметі» бөлімінде орналастырылған сұрақтар мен ақпараттар ресми электрондық өтініштер болып табылмайды және Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы» Заңында белгіленген тәртіппен қаралмайды.