Науқастарға арналған жадынама

ШЖҚ «Алматы облысының паллиативтік көмек ауруханасы» КМК-де болу ережелері

Науқсатардың міндеттері:

  • дәрігер белгілеген барлық медициналық тағайындауларды орындау және тағайындалған тәртіпті сақтау;
  • дәрігерлік тексеріс, тағайындауларды орындау, процедуралар мен дене қызуын өлшеу кезінде палатасында болу;
  • аурухананың ішкі тәртібін сақтау;
  • күндізгі және түнгі тынығу уақытында палатасында болып, тыныштық сақтау;
  • аурухана қызметкерлеріне, басқа науқастарға, олардың туыстары мен келушілерге құрметпен қарау;
  • аурухана мүлкіне ұқыпты қарау;
  • өрт қауіпсіздігі мен санитарлық-эпидемиологиялық тәртіп ережелерін сақтау;
  • денсаулығының нашарлауы туралы кезекші медицина қызметкеріне дер кезінде хабарлау.

Науқастарға тыйым салынады:

  • аурухана ғимаратында және аумағында темекі шегу;
  • алкогольдік ішімдіктерді алып келу және ішу, есірткі немесе психотроптық заттарды қолдану;
  • басқа палаталарға бару (емдеу процедураларынан басқа жағдайларда);
  • құмар ойындарын ойнау, тыныштықты бұзу;
  • әкімшіліктің жазбаша рұқсатынсыз аурухана аумағынан шығу.

Тамақтану рационына кірмейтін тағамдарды тек емдеуші дәрігердің келісімімен және дұрыс сақтау шарттарын сақтай отырып қолдануға рұқсат етіледі. Аурухана қызметкерлері науқастардың қолындағы тағам мен дәрілік заттардың сақтау және пайдалану ережелерін бақылауға құқылы.

Науқастардың қолындағы ақша, әшекей бұйымдар, бағалы заттар және өзге де мүліктің сақталуына аурухана қызметкерлері жауапты емес.

Мүлікке зақым келтірген немесе бүлдірген жағдайда, науқастар мен келушілер толық материалдық жауапкершілікке тартылады.

ШЖҚ «Алматы облысының паллиативтік көмек ауруханасы» КМК белгіленген тәртіп ережелерін бұзған науқастар ішкі тәртіпті бұзғаны үшін мекемеден шығарылуға жатады.

Skip to content