«Қарты бар үй – қазыналы үй» деп білетін дана халқымыз қарттарға әрдайым ерекше құрметпен қараған. Осы орайда, «Алматы облысының паллиативтік көмек ауруханасы» КМК ұжымы жыл сайынғы дәстүр бойынша 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне арналған іс-шара ұйымдастырды.
Мекеме қамқорлығындағы науқастарға құттықтаулар мен сый-сияпаттар көрсетіліп, зейнетке шыққан ардагер қызметкерлерге арналған мерекелік концерт өткізілді.
Іс-шараға қолдау білдірген «SENIM» кәсіподақ ұйымына және “Шелек политехникалық колледжі” студенттеріне алғысымызды білдіреміз.
Құрметті қариялар!
Сіздердің өмірлік жолдарыңыз – өнеге, еңбектеріңіз – елге үлгі. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, береке тілейміз!