2026 жылғы қаңтардан бастап «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңға өзгерістер күшіне енді. Соған сәйкес, жарналар мен аударымдар есептелетін шекті табыс мөлшері өзгерді. Ал мөлшерлемелер бұрынғыдай сақталды.
🔹Жұмыс берушілердің аударымдары – қызметкер табысының 3%-ы
Аударымның ең жоғары мөлшері – айына 102 000 теңгеге дейін
🔹Қызметкерлердің және азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін тұлғалардың жарналары – табыстың 2%-ы
Ең жоғары жарна – айына 34 000 теңгеге дейін
🔹Жеке кәсіпкерлердің және жеке практикамен айналысатын тұлғалардың жарналары – айына 5 950 теңге (1,4 ЕТЖ 5%)
🔹Дербес төлеушілердің жарналары – айына 4 250 теңге (ЕТЖ 5%)
Жеке кәсіпкерлер мен дербес төлеушілердің жарналарын есептеу үшін ең төменгі жалақы қолданылады. 2026 жылы оның мөлшері – 85 000 теңге.
💳 МӘМС жарналарын төлеу жолдары:
* «Қазпошта» АҚ кассаларында
* екінші деңгейлі банктердің кассалары мен мобильді қосымшаларында
* төлем терминалдары арқылы