Құрметті Қазақстандықтар!
Алматы облысының Паллиативтік көмек ауруханасы ұжымы Сіздерді Республика күнімен және Егемендік декларациясының 35 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтайды!
Бұл мереке – халқымыздың тәуелсіздік пен бірлік жолындағы ерік-жігерінің, елдің жаңа дәуірге қадам басқанын айқындайтын тарихи күн.
Осы күн әрбір қазақстандықтың жүрегінде мақтаныш сезімін оятып, мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуіне жаңа серпін береді.
Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен береке, Отанымыз – Қазақстан Республикасына бейбітшілік пен мол табыс тілейміз!
Көк туымыз мәңгі биікте желбірей берсін!
Ізгі тілекпен,
Алматы облысының Паллиативтік көмек ауруханасы