Паллиативтік медициналық көмек — денсаулық сақтау жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және ауыр үдемелі аурулары бар пациенттердің, сондай-ақ олардың отбасыларының өмір сапасын жақсартуға бағытталған.

Паллиативтік көмектің негізгі мақсаты — негізгі ауруды емдеу емес, ауырсынуды және басқа да жағымсыз белгілерді жеңілдету, пациентке психологиялық, әлеуметтік және рухани қолдау көрсету.

Паллиативтік көмек кешенді түрде көрсетіледі және оған дәрігерлер, медициналық мейіргерлер, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер және басқа да мамандар қатысады. Мұндай көпсалалы тәсіл пациенттің тек физикалық жағдайын ғана емес, оның эмоционалдық және әлеуметтік қажеттіліктерін де ескеруге мүмкіндік береді.

Паллиативтік көмектің дамуы пациенттерге ізгілікті қарым-қатынасты қалыптастыруға, медициналық қолжетімділікті арттыруға және халықтың денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.

ШЖҚ «Алматы облысының паллиативтік көмек ауруханасы» КМК қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге және медициналық этика қағидаттарына сәйкес пациенттердің қадір-қасиетін құрметтей отырып, медициналық көмек көрсетеді.

Skip to content