Паллиативтік көмектің дүниежүзілік күні жыл сайын қазан айының екінші сенбісінде атап өтіледі. Бұл күннің мақсаты — ауыр және жазылмайтын аурулары бар науқастарға сапалы көмек көрсетудің маңыздылығына қоғам назарын аудару.
Паллиативтік көмек – науқастар мен олардың отбасыларының өмір сапасын барынша жақсартуға бағытталған медициналық, психологиялық, әлеуметтік және рухани шаралардың кешені. Негізгі назар ауырсынуды бақылауға, физикалық белгілерді жеңілдетуге, эмоционалдық және әлеуметтік қолдауға, сондай-ақ жақындарын қолдауға бағытталады.
ШЖҚ «Алматы облысының паллиативтік көмек ауруханасы» КМК паллиативтік медицина қызметтерін дамыту, қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру және науқастардың жағдайын халықаралық стандарттарға сай жақсарту бағытында жұмыстарды жалғастыруда.
Біз паллиативтік көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету және оның денсаулық сақтау жүйесіндегі маңызды әрі гуманистік рөлін атап өтеміз.