ШЖҚ «Алматы облысының паллиативтік көмек ауруханасы» КМК ұжымы барша Қазақстан азаматтарын 15 наурызда өтетін республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырады.

Денсаулық – қоғамның басты құндылығы. Халықтың денсаулығы мықты болса, мемлекет те тұрақты дамиды. Біздің мекеме күн сайын науқастарға паллиативтік көмек көрсетіп, олардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған маңызды жұмысты атқарады.

Біз әр адамның өмірі мен денсаулығының қадірін жақсы түсінеміз. Сондықтан еліміздің болашағына әсер ететін маңызды шешімдерге бейжай қарамай, азаматтық белсенділік таныту – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз деп санаймыз.

Референдум – бұл әр азаматтың өз пікірін білдіріп, елдің дамуына үлес қосатын маңызды демократиялық құрал.

Осыған орай, ШЖҚ «Алматы облысының паллиативтік көмек ауруханасы» КМК ұжымы барша тұрғындарды 15 наурыз күні референдумға қатысуға шақырады.

Әр дауыс маңызды.
Болашағымызды бірге таңдайық!

Skip to content