Құрметті әріптестер, қадірлі отандастар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіздік – халқымыздың ғасырлар бойғы арманы, азаттық пен бірліктің, тұрақтылық пен дамудың берік негізі. Егемен еліміздің жетістіктері – ел бірлігі мен ортақ еңбектің нәтижесі. Бүгінгі күні Қазақстан әлемдік қауымдастықта өз орны бар, болашағына сеніммен қарайтын мемлекетке айналды.

Осы жарқын мереке әр шаңыраққа бейбітшілік пен береке, тұрақтылық пен игілік әкелсін. Еліміздің дамуы жолында атқарып жатқан еңбектеріңіз табысты болып, жаңа жетістіктерге жете беруімізге тілектеспін.

Баршаңызға зор денсаулық, отбасы амандығын, кәсіби табыс пен жарқын болашақ тілеймін!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз мәңгі болсын!

Құрметпен, Уринбасаров Агабек Кувандыкович!

Skip to content