ШЖҚ «Алматы облысының паллиативтік көмек ауруханасы» КМК барша пациенттерді, олардың отбасыларын, серіктестер мен денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтайды.
Өтіп бара жатқан жыл сабыр мен адамгершіліктің, жанашырлық пен кәсіби адалдықтың маңызын тағы бір мәрте көрсетті. Алда келе жатқан Жаңа жыл әрбір жанға үміт сыйлап, денсаулық, тыныштық және жүрекке жылу әкелсін.
Жаңа жылда барлық игі бастамалар жүзеге асып, елімізге амандық, қоғамымызға бірлік тілейміз.
Жаңа жыл құтты болсын!