10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушысы Абай Құнанбайұлының туған күні.
Абай – қазақ әдебиеті мен руханиятының дамуына өлшеусіз үлес қосқан тарихи тұлға. Оның шығармаларында білім мен ғылымға ұмтылу, еңбекқорлық, адамгершілік, әділдік пен ізгілік идеялары кеңінен көрініс тапқан.
Ақынның өлеңдері мен «Қара сөздері» бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтпай, ұрпақты білімге, ойлануға және жақсы қасиеттерді бойына сіңіруге үндеп келеді.
Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген тағылымды ойы адамзатқа ортақ құндылықтарды дәріптейді.
Абай мұрасы – халқымыздың рухани қазынасы, ал оның өнегелі шығармалары кейінгі ұрпаққа қалдырған мәңгілік аманаты.
Абай күні құтты болсын!