Алматы облысының паллиативтік көмек ауруханасына жұмыс сапарымен Алматы облысы әкімінің орынбасары Қуаныш Бақытұлы және Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Әбілхасымұлы Сүлейменов келді.
Қонақтарға аурухананың қызметі, материалдық-техникалық базасы, паллиативтік көмекті ұйымдастыру жұмыстары және науқастарға көрсетілетін медициналық қызметтің негізгі бағыттары таныстырылды.
Жұмыс сапары барысында паллиативтік көмекті дамыту, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ науқастар үшін қолайлы жағдай жасау мәселелері талқыланды.
Алматы облысының паллиативтік көмек ауруханасы науқастарға сапалы әрі жан-жақты медициналық көмек көрсетуді және олардың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.