Бүгін Алматы облысының паллиативтік көмек ауруханасында Халықаралық мейіргерлер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Аурухана басшылығы медицина саласының маңызды буыны саналатын медбикелер мен медағаларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың адам өмірі мен денсаулығын сақтаудағы ерекше еңбегін атап өтті.

Іс-шара барысында денсаулық сақтау жүйесінің дамуына қосқан үлесі, науқастарға көрсеткен жанашырлығы, жауапкершілігі мен адал еңбегі үшін бірқатар қызметкерлер грамоталармен марапатталды.

Паллиативтік көмек саласында еңбек ету – үлкен төзімділік пен мейірімділікті талап ететін жауапты мамандық. Медбикелер мен медағалар күн сайын науқастардың жағдайын бақылап, оларға медициналық көмек көрсетумен қатар, рухани қолдау да білдіріп келеді. Олардың кәсібилігі мен қамқорлығы науқастар мен олардың жақындары үшін ерекше маңызды.

Мерекелік жиында аурухана ұжымы ақ халатты абзал жандарға алғыс білдіріп, зор денсаулық, отбасылық амандық, жұмыстарына табыс пен кәсіби жетістіктер тіледі.

Skip to content