Медицина қызметкерлері күніне орай Алматы облысының паллиативтік көмек ауруханасында салтанатты іс-шара өтті.
Мереке барысында денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлесі, кәсіби шеберлігі мен адал еңбегі үшін бірқатар қызметкерлер марапатталды.
Атап айтқанда, қызметкерлерге Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының атынан Құрмет грамоталары, Шелек ауылдық округі әкімінің атынан Алғыс хаттар, сондай-ақ Алматы облысының паллиативтік көмек ауруханасының директорының атынан Алғыс хаттар табысталды.
Салтанатты шарада медицина қызметкерлеріне көрсеткен жанашырлығы, кәсібіне деген адалдығы мен халық денсаулығын сақтаудағы қажырлы еңбегі үшін алғыс білдірілді.
Барша медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық және еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз!