1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай ШЖҚ «Алматы облысының паллиативтік көмек ауруханасы» КМК-да науқастарға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – науқастарға көңіл бөліп, оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, ізгі тілектер білдіру және үлкенге деген құрмет пен қамқорлықты көрсету.

Мерекелік бағдарламаны ұйымдастыруға ЖШС «Шелек жоғары медициналық колледжінің» студенттері белсенді қатысты. Студенттер науқастарға арнап ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті.

Аурухана қызметкерлері де мерекеге атсалысып, науқастарды Қарттар күнімен құттықтап, оларға жылы лебіздері мен ақ тілектерін жеткізді. Сонымен қатар, науқастарға естелік сыйлықтар табысталды.

Мерекелік концерттен кейін ерекше жылы әрі көңілді атмосфера қалыптасты. Студенттер мен науқастар бірге би билеп, жақсы көңіл-күймен уақыт өткізді.

Мұндай іс-шаралар науқастарға қуаныш сыйлап қана қоймай, олардың күнделікті өміріне жағымды эмоциялар мен жақсы көңіл-күй сыйлауға мүмкіндік береді.

ШЖҚ «Алматы облысының паллиативтік көмек ауруханасы» КМК ұжымы ЖШС «Шелек жоғары медициналық колледжінің» студенттеріне белсенді қатысқаны, көрсеткен өнері және науқастарға көңіл бөліп, мерекелік көңіл-күй сыйлағаны үшін алғыс білдіреді.

Қарттар күні – үлкенге құрмет көрсетіп, олардың өмірлік тәжірибесі мен еңбегін бағалайтын ерекше күн.

Skip to content