Құрметті қазақстандықтар!
Сіздерді еліміздің маңызды ұлттық мерекелерінің бірі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Республика күні – мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы маңызды кезеңді айқындайтын, тәуелсіздігімізді, ұлттық бірлігімізді және ел болашағына деген сенімімізді дәріптейтін ерекше мереке. Бұл күн – халқымыздың ынтымағы мен бірлігін, ортақ құндылықтарымыз бен жарқын болашаққа деген ұмтылысымызды айқындайтын маңызды белес.
Тәуелсіз еліміздің тұғыры берік, егемендігіміз мәңгі, бірлігіміз бекем болсын! Қазақстанымыз өркендеп, әрбір шаңырақта бейбітшілік пен береке, қуаныш пен шаттық орнасын. Еліміздің дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыру жолындағы игі бастамаларымыз табысты жүзеге аса берсін.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке және еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз! Еліміздің болашағы жарқын, келешегі кемел болсын!
Республика күні құтты болсын!