«Таза Қазақстан» жалпы ұлттық экологиялық бағдарламасы аясында мекеме аумағында кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Бұл іс-шара қоршаған ортаны қорғау, тазалық мәдениетін қалыптастыру және табиғатқа деген жауапкершілікті арттыру мақсатында өткізілді.

Тазалық пен тәртіп әрқайсымыздан басталады. Осы қағиданы негізге ала отырып, ұжым қызметкерлері бірлесе еңбек етіп, аумақты қоқыстан тазартып, айналаны ретке келтірді. Жұмыс барысында жол жиектері, жасыл аймақтар мен демалыс орындары мұқият тазаланып, жалпы аумақтың көркі айтарлықтай жақсарды

Сенбілік аясында ағаш отырғызу жұмыстары да жүргізілді . Бұл — тек көгалдандыруға қосқан үлес қана емес, сонымен қатар болашақ ұрпақ үшін қолайлы, таза әрі салауатты орта қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Жаңадан отырғызылған ағаштар уақыт өте келе табиғи ортаны жақсартып, келушілер мен науқастар үшін жайлы атмосфера қалыптастыруға ықпал етеді.

Мұндай игі бастамалар аумақтың тазалығын арттырып қана қоймай, ұжымның бірлігін нығайтады. Ортақ іске жұмылу арқылы әрбір қызметкер табиғатқа деген қамқорлық пен жауапкершіліктің маңызын тереңірек сезінеді

Сенбілікке белсенді қатысқан барлық қызметкерлерге шынайы алғысымызды білдіреміз! Осындай бірлескен еңбектің арқасында біз қоршаған ортаны жақсартып, қоғамға үлгі бола аламыз. Бірге біз әлемді жақсартамыз.

Skip to content