ШЖҚ «Алматы облысының паллиативтік көмек ауруханасы» КМК ұжымы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке белсенді қатысты.

Іс-шара барысында аурухана қызметкерлері мекеме аумағын тазалау, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Сенбіліктің негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру.

Таза әрі қолайлы қоршаған орта – халық денсаулығының маңызды кепілі. Осыған байланысты аурухана ұжымы экологиялық бастамаларды қолдап, өңірдің тазалығы мен көркеюіне өз үлесін қосуда.

Skip to content