19 қыркүйек 2026 жыл

2026 жылғы 19 қыркүйекте Республика көлемінде ұйымдастырылған жалпы сенбілік аясында ШЖҚ «Алматы облысының паллиативтік көмек ауруханасы» КМК ұжымы абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарына қатысты.

Сенбілік барысында аурухананың іргелес аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, аумақты абаттандыру және көркейту бойынша тиісті жұмыстар атқарылды.

Іс-шараға аурухана қызметкерлері қатысып, өз аумағының тазалығы мен абаттылығын қамтамасыз етуге үлестерін қосты.

Осындай іс-шараларды өткізу қоршаған ортаны таза ұстауға, аумақтың санитарлық жағдайын жақсартуға және ұжым арасында қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Тазалық пен абаттандыру – ортақ жауапкершілік!

Skip to content